ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАНҒАН (Ғ70) БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУДАҒЫ ОЙЫННЫҢ РӨЛІ


Авторы

  • Бекбаева З.Н., Айтбекова Ж.Д.

DOI:

https://doi.org/10.51889/specped.2023.1.71.008

Аннотация

Бұл мақалада зияты зақымданған (Ғ70) бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамытудағы ойынның рөлі кеңінен талданды. Зияты зақымданған балалар ерекше білімді қажет ететін балалар тобының бірі және сипаты бойынша күрделі құрылымға ие бұзылыс болып табылады.
Зияты зақымдануы зақымдану деңгейіне қарай Ғ70, Ғ71, Ғ72 және Ғ73 сияқты негізгі 4 топқа бөлінеді. Зият зақымдануы жағдайында балалардың танымдық, моторлық және сөйлеу тілінің дамуында бұзылыстар орын алады. Танымдық қызметтердің белсенділігінің төмендеуі, мотор саласындағы әлсіздіктер мен қажу, сөйлеу тілінің артта қалуы – осы белгілердің барлығы зияты зақымданған балаларға тән белгілер.
Аталған бұзылысы түрлерінің ішінде олардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі өзектілікке ие болып табылады. Зияты зақымданған (Ғ70) балалардың сөйлеу тілінің барлық жағы зардап шегіп, қалыпты жағдайдан артта қалады. Атап айтқанда, олардың сөздік қорының деңгейі төмен, синтаксистік және морфологиялық құрылымдар бұзылысқа ұшырайды. Сонымен қатар, балалардың басым бөлігінде фонематикалық есту қабілеті зардап шегеді.
Зерттеу жұмысынада зияты зақымданған балалардың сөздік қорының деңгейі тексеріліп, оларды ойын арқылы дамыту жұмысы ұйымдастырылды. Л.С. Выготский концепциясы мен С.Д. Забрамная зерттеулері негізінде ойын арқылы сөздік қорын дамыту, белсендіру жұмысы өткізілді. Ұйымдастырылған жұмыстың негізінде ойын тәсілі зияты зақымданған балалар үшін тиімді әрі нәтижелі әдіс деп тұжырымдалды.

Загрузки

Опубликован

2023-03-29

Выпуск

Раздел

ОБУЧЕНИЕ И ВОСПИТАНИЕ ДЕТЕЙ С ОСОБЫМИ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫМИ ПОТРЕБНОСТЯМИ