Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Арнайы педагогика сериясы

Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Арнайы педагогика сериясы

Журнал арнайы педагогика және инклюзивті білім беру саласындағы іргелі және қолданбалы сипаттағы зерттеулердің негізгі нәтижелерін жариялауға арналған ғылыми басылым болып табылады, нормативтік құжаттарда стратегиялық, сондай-ақ ҚР және басқа елдердегі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды зерттеу, оқыту және дамыту саласындағы ағымдағы проблемалар мен мәселелер ретінде белгіленген.

Журналдың тақырыптық бағыттары

Журнал материалдары арнайы педагогика және инклюзивті білім беруді дамыту саласындағы проблемалардың кең ауқымын – ғылыми шолуларды, теориялық және практикалық зерттеулердің нәтижелерін, отандық дефектологияны дамытудың басым бағыттарын қамтиды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды ескере отырып, көру, есту,сөйлеу, зиятында ауытқушылықтары бар,  психикалық және әлеуметтік дамуының барлық кезеңдерінде күрделі бұзылулары бар балаларды зерттеуге және түзету көмегінің мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған педагогикалық және психологиялық зерттеулер. Мақалалар арнайы педагогика және білім беру мәселелерінің келесі бөлімдері бойынша жарияланады:

  • Арнайы және инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері
  • Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды зерттеу.
  • Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту және тәрбиелеу.

Журналдың құрылтайшысы және баспагері "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті" болып табылады.

Журнал Мәдениет және ақпарат министрлігінде "Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдарға арнайы білім берудің өзекті мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік басылым"ретінде тіркелген.Рег. Куәлік 2009 жылғы 8 мамыр № 10107 Ж

 Журнал Қазақстандық дәйексөз келтіру базасы Ұлттық Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы (ҰМҒТСО) АҚ индекстеледі..

Журналда ISSN 2960-1673 мерзімді басылымдарының халықаралық стандартты сериялық нөмірі бар.

Журнал жылына 4 рет шығады.

Ағымдағы шығарылым