Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Арнайы педагогика сериясы

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТIНІҢ ХАБАРШЫСЫ «АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА» СЕРИЯСЫ

Абай атындағы ҚазҰПУ хабаршысы "Арнайы педагогика " сериясының журналы 2001 жылы құрылған. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті журналдың құрылтайшысы және баспагері болып табылады. Журналдың қалыптасқан және бекітілген ЖОО  көрсетілген мұқаба мен  титулдық беттер, шығарылым деректерi,  редакция алқасы, редакциялық саясат, жариялану этикасы және веб-сайт көрсетілген.   

Журнал жылына 4 рет шығады.

Журнал Мәдениет және ақпарат министрлігінде "Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдарға арнайы білім берудің өзекті мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік басылым"ретінде тіркелген.Рег. Куәлік 2009 жылғы 8 мамыр № 10107 Ж

 Журнал Қазақстандық дәйексөз келтіру базасы Ұлттық Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы (ҰМҒТСО) АҚ индекстеледі. Журналдың редакциялық алқасының құрамында қазақстандық және шетелдік жетекші ғалымдар бар.

Журналдың редакция алқасы мүшелігіне  жетекші қазақстандық және шетел ғалымдары ұсынылған.       

 Журнал ақпараттық ашықтық және авторлар жарияланымдарының  толық қолжетімділігі саясатын ұстанады, мақалалар үш тілде сайтында жарияланады.

Журналдың мақсаттары мен міндеттері

Журналдың мақсаты: Арнайы педагогика және инклюзивті білім беру саласындағы іргелі және қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялау және талқылау, нормативтік құжаттарда ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды зерттеу, оқыту және дамыту саласындағы стратегиялық, сондай-ақ ағымдағы проблемалар мен мәселелер ретінде белгіленген.

Журналдың міндеттері:

  • инклюзивті білім беру және арнайы педагогика саласында Қазақстанның түрлі аймақтарында және шетелдерде жүргізілетін іргелі, қолданбалы, инновациялық зерттеулердің жаңа ғылыми нәтижелерін үш тілде – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жариялау;
  • ғылыми зерттеулер нәтижелерінің, халықаралық және отандық ғалымдар топтары – арнайы педагогтардың, дефектологтардың, психологтардың, әлеуметтік педагогтардың, мұғалімдердің, практиктердің ынтымақтастық пен коллаборацияда қолжетімділігі және оларды талқылау;
  • журналдарды әлемдік, халықаралық журналдар мен мақалалар дерекқорына енгізу арқылы әлемдік білім беру қоғамдастығында қазақстандық және шетелдік авторлардың ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін көрсету;
  • Жас ғалым-магистранттардың,PhD докторанттардың ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін талқылаудың ашықтығы мен қол жетімділігі ортасын құру;

Журналдың тақырыптық бағыттары

Журнал материалдары арнайы педагогика және инклюзивті білім беруді дамыту саласындағы проблемалардың кең ауқымын – ғылыми шолуларды, теориялық және практикалық зерттеулердің нәтижелерін, отандық дефектологияны дамытудың басым бағыттарын қамтиды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды ескере отырып, көру, есту,сөйлеу, зиятында ауытқушылықтары бар,  психикалық және әлеуметтік дамуының барлық кезеңдерінде күрделі бұзылулары бар балаларды зерттеуге және түзету көмегінің мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған педагогикалық және психологиялық зерттеулер. Мақалалар арнайы педагогика және білім беру мәселелерінің келесі бөлімдері бойынша жарияланады:

  • Арнайы және инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері
  • Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды зерттеу.
  • Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту және тәрбиелеу.

 Журналда жариялауға мақұлданған қолжазбаның авторы(лары) Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғылыми журналдарында жарияланғаны үшін бекітілген баға прейскурантына сәйкес жарияланғаны үшін ақы төлеуді жүзеге асыруға міндетті.