Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Арнайы педагогика сериясы

Резенциялау тәртібі

       Рецензиялау үдерісі

       Журнал редакциясына келіп түскен қолжазбалар формалды талаптарға, ресімдеу талаптарына және плагиатқа тексеру жүйесі арқылы тексеру негізінде түпнұсқалылық көрсеткішіне сәйкес келетін қолжазбалар одан әрі рецензиялауға міндетті түрде жіберіледі.
Егер қолжазба авторында басқа ғалымдармен мүдделер қақтығысы болса, ол ілеспе хатта осындай мүдделер қайшылығының бар-жоғын көрсетуге міндетті, себебі аталған қолжазбаны көрсетілген ғалымға (рецензентке) жібермеу және қолжазбаны әділетсіз бағаламау үшін.
       «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетiнің ХАБАРШЫСЫ «Арнайы педагогика сериясы» журналындада ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі және рецензияланатын қолжазба тақырыбы бойынша ғылыми мамандануы бар кемінде екі ғалым жүзеге асыратын "екі жақты-соқыр" рецензиялау қолданылады.
       Рецензиялау құпия түрде жүргізіледі: мақала қолжазбасы рецензенттерге авторлар туралы деректерді көрсетпей, журналдың электрондық платформасы арқылы жіберіледі. Рецензенттерден қолжазбаның негізгі ғылыми критерийлерге сәйкестігін, сондай-ақ оның маңыздылық сапасын нақты, объективті және дәлелді бағалау талап етіледі.
Рецензенттерден қорытындылар алғаннан кейін жауапты редактор ескертулерге жауап беру, тиісті өзгерістер енгізу және қолжазбаны электрондық платформа арқылы қайта жіберу үшін авторға рецензенттердің деректерін көрсетпей хат-хабар арқылы жібереді. Автор(-лар) ескертулерге жауаптардан, қолжазбаға өзгерістер енгізуден және оны « Абай атындағыҚазақ ұлттық педагогикалық университетiнің ХАБАРШЫСЫ«Арнайы педагогика сериясы» журнал редакциясына қайта жіберуден түсіндірместен бас тарта алады.
       Барлық ескертулерге автор жауап бергеннен кейін рецензенттердің ескертулерін жою үшін қолжазбаға өзгерістер енгізіп және оны журнал редакциясына қайта жібергеннен кейін ғылыми редактор барлық материалдарды рецензентке(-терге) қайта рецензиялау үшін жібереді.
       Екі теріс пікір болған жағдайда қолжазба журналда жарияланудан бас тартылады.
       Редакциялық алқа рецензиялау нәтижелері бойынша қабылдамаған мақалалар материалдарын редакциялық алқа өз мақсатында пайдаланбайды. Редактор немесе жауапты хатшы хат-хабар арқылы авторға жариялаудан бас тарту туралы хабарлайды және рецензенттердің қорытындыларын жібереді.
       Рецензиялау мерзімін мақалаға жауапты редактор тағайындайды және рецензенттердің қолжазбаны қарау мерзімі материалды рецензенттерге жіберген күннен бастап үш айдан аспайды.

Рецензия

Абай ат.ҚазҰПУ  Хабаршы / «Арнайы педагогика  сериясының редколлегиясына келіп түскен мақалаға ,  формализацияланған сипаты мен келесідей құрылымыда:
Мақала авторлары: (Т.А.Ә., ғылыми дәрежесі, атағы).
Мақаланың атауы:
УДК, МРНТИ:
Тақырып өзектілігі
: (қысқаша баяндау көлемі 3-4 аспайтын ұсыныстарын).
Жаңалығы: (мақалалардың редколлегияға түскен сәтінен бастап зерттеу дәрежесін көрсете отырып).
Зерттеу әдіснамасы: (теориялық үшін жұмыстар)
Негізділігін (айғақтылық): ұсыныстарды, тұжырымдар
Стилі, жазылу тілі:
Мақалалардың жіктелуі:
Терминологиялық аппаратының дұрыс пайдалануын:
Ғылыми аппаратының дұрыс ресімделуін
: (дерек көздерге сілтемелер)
Қорытынды: Ұсынылған мақала:
а) жариялауға ұсынылады;
б) ескертулерді жойғаннан кейін жариялауға мүмкін;
в) жариялауға ұсынылмайды