Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Арнайы педагогика сериясы

Журнал саясаты

Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы «Арнайы педагогика» сериясы журналы (бұдан әрі – Журнал) журналы 2001 жылы құрылған жылына 4 рет келесі белгіленген мерзімде шығарылады: №1 ағымдағы жылдың 30 наурызына дейін, №2 – 30 маусымға дейін; №3 – 30 қыркүйекке дейін және №4 – 30 желтоқсанға дейін. (PDF)

Журнал ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 15.03.2004 ж. № 4836 - Ж алғашқы тіркеуден өткен. Қайта есепке қою туралы 03.11.2023 ж. № KZ04VPY00081049 куәлігі ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің Ақпарат комитетінен берілген. Халықаралық стандартты сериялық нөмірі ISSN (оnline) 2960-1673; ISSN (print) 2960-1673.

Жарияланым тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Журналда қазақстандық дәйексөз базасында импакт-фактор бар.

Журнал сайты: https://bulletin-special-pedagogy-kaznpu.kz/index.php/home

Журналдың электрондық нұсқалары қорды қалыптастыру және электрондық кітапханаға енгізу үшін «ҰМҒТСО» АҚ-на ұсынылады.

Журналдың мақсаты - арнайы педагогика және инклюзивті білім беру саласындағы іргелі және қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялау.

Журналдың тақырыптық бағыты:

  • Арнайы және инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері
  • Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды зерттеу.
  • Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту және тәрбиелеу

бағыттары бойынша ғылыми зерттеулердің, гранттық жобалардың, диссертациялық жұмыстардың негізгі нәтижелерін жариялау, ғылыми мәселелердің кең ауқымын талқылау. 

Журналдың міндеті

  1. Инклюзивті білім беру және арнайы педагогика саласында Қазақстанның түрлі аймақтарында және шетелдерде жүргізілетін іргелі, қолданбалы, инновациялық зерттеулердің жаңа ғылыми нәтижелерді жариялау;
  2. Ғылыми зерттеулер нәтижелерінің, халықаралық және отандық ғалымдар топтары – арнайы педагогтардың, дефектологтардың, психологтардың, әлеуметтік педагогтардың, мұғалімдердің, практиктердің ынтымақтастық пен коллаборацияда қолжетімділігі және оларды талқылау;
  3. Білім және ғылым саласындағы қазақстандық және шетелдік ғалымдардың жаңа ғылыми зерттеулері туралы ақпарат тарату;
  4. Педагогтер мен зерттеушілердің халықаралық қауымдастығының назарын қазақстандық ғалымдардың жетістіктеріне, жоғары, орта, жалпы, қосымша және кәсіптік білім беру саласындағы жаңа білім беру технологияларына аудару мақсатында отандық тәжірибені дәріптеу;

5 Жас ғалым-магистранттардың,PhD докторанттардың ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін талқылаудың ашықтығы мен қол жетімділігі ортасын құру.

 

Журналға ғылыми мақалаларды жариялау шарттары:

Барлық мақалалар журнал сайты арқылы қабылданады. Бұрын Журналда жарияланған мақалаларға сілтеме жасау және Scopus және Web of Science базасында индекстелетін журналдарда жарияланған жұмыстарға сілтемелердің (бір және одан көп) болуы көтермеленеді. Бір автор мақаланы тең авторлықта ұсынған жағдайларды қоспағанда, бір нөмірде бірден артық мақала жариялай алмайды. Редакция бiр автордың (авторлар тобының) мақалалар сериясын бiр-бiрiнен кейiнгi үш журналда бiр атаумен жариялауға рұқсат беруге құқылы.

Жариялауға қабылданған мақалларға DOI (ғылыми жарияланымның міндетті халықаралық цифрлық сәйкестендіргіші – The Digital Object Identifier) беріледі.

Барлық мақалалар талаптарға сәйкес ресімделуі және мұқият редакциялануы тиіс. Редакциялық кеңес журналға енгізу үшін мақалаларды іріктеу, қажет болған жағдайда авторлармен келіспей техникалық сипаттағы түзетулерді енгізу құқығын өзіне қалдырады. Редколлегия рецензенттің ескертулері бойынша мақаланы пысықтауға қайтаруға құқылы. Ескертулерді негізсіз жоймау не пысықталған мақаланы редколлегия белгілеген мерзімнен кеш ұсыну мақақланы қабылдамау не оны келесі нөмірге ауыстыру үшін негіз болып табылады.

Студенттер мен магистранттардың мақалаларын жариялау жұмыстың мазмұнына дербес жауапты ғылыми жетекшімен бірге жүзеге асырылады.

Мақалалардың мәтіндерін журнал сайтындағы жеке кабинетке жүктеу қажет. Мақаланы тексеру үшін pdf форматындағы толық мақала, рецензиялау үшін мақала аты-жөнсіз және MS Word форматындағы аффилиациясыз жүктеледі.

Авторлар туралы ақпарат деректер - олардың есімдері, аффилиациялары, байланыс деректері, атқаратын лауазымы және ғылыми/академиялық дәрежесі туралы мәліметтер, сондай-ақ халықаралық дерекқорлардағы авторлар бейінінің сәйкестендіру нөміріне сілтемелер «Авторлар туралы мәліметтер» бөлімінде орналастырылады.

Редколлегияның мақаланы қарауы бір айдан үш айға дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.

Жариялау этикасы

Журналдың редакциясы өз жұмысында Ғылыми жарияланымдардың этикасы жөніндегі комитет (Committee on Publication Ethics – COPE) әзірлеген және бекіткен ғылыми жарияланымдардың халықаралық этика стандарттарын ұстанады және беделді халықаралық журналдар мен баспалардың тәжірибесін ескереді. Журнал авторлар тобына қатысты, сондай-ақ редколлегия мүшелерінің ортасында, сондай-ақ рецензенттермен, баспагерлермен, таратушылармен және оқырмандармен өзара қарым-қатынаста этикалық нормаларды сақтауға ұмтылады.

Ғылыми этика қағидаттарының, стандарттары мен нормаларының бұзылуы анықталған және дәлелденген мақаланың авторы (лары) 1 жыл ішінде журналға мақала жібере алмайды.

Плагиатқа қарсы тексеру

Плагиатқа қарсы тексеру келіп түскен мақаланы жариялау шарттарының бірі болып табылады. Журналдың редакциясына келіп түскен барлық мақалалар «Антиплагиат» жүйесінде тексеруден өтеді, шекті деңгей - түпнұсқалығының 70%. Техникалық және өзге де жосықсыз әдістердің көмегімен заңсыз тексеруден өтуге және заңсыз дәйексөз жасауға, текстің түпнұсқалық деңгейін ұлғайтуға жол берілмейді. Мұндай әдістерді қолдану жағдайларын анықтау осы авторлардың мақалаларын жариялауға қабылдаудан бас тарту үшін негіз болуы мүмкін.

Көптеген плагиат фактілері анықталған кезде редакция Халықаралық Жариялау Этикасы Комитетінің (COPE) ережелеріне сәйкес әрекет етеді:

- авторды(ларды) мақалада плагиат бар екендігі туралы хабардар етеді;

- автордан(ларды) хабарлама туралы растау алады;

- мақаланы қабылдамайды.

Рецензиялау.

Барлық мақалалар екіжақты «жабық» рецензиялаудан өтеді. Рецензиялау жабық түрде жүзеге асырылады: мақаланың қолжазбасы рецензенттерге Журналдың электрондық платформасы арқылы авторлар туралы мәліметтер көрсетілмеген түрде жіберіледі. Рецензенттер қолжазбаның Журнал талаптарына және ғылыми өлшемдерге сәйкестігін нақты, объективті және дәлелді бағалайды.

Егер мақаланың тақырыбы оның құзыреттілігі саласында немесе тез арада рецензиялау мүмкін болмаса, рецензент редакторларды хабардар етуге немесе рецензиялаудан бас тартуға құқылы. Авторлардан түпнұсқалық зерттеудің шынайы нәтижелерін және оның маңыздылығын объективті талқылауды ұсыну талап етіледі.

Рецензиялау нәтижелері құпия болып табылады және жария етуге жатпайды. Мүдделер қақтығысы болған жағдайда рецензенттер мақаланы қарауға жіберілмейді.

Рецензиялау және техникалық тексеру нәтижелерi бойынша мақала не қабылданбауы, не авторларға пысықтауға жiберiлуi, не жариялануға қабылдануы мүмкiн. Оң пiкiр алғаннан кейiн редакция мақаланың жариялауға қабылданатыны туралы авторларға хабарлайды. Рецензенттер мен редакторлардың ескертулері болған жағдайда автор көрсетілген мерзімде мақаланы түзетуі және толықтыруы қажет.

Еркін қол жеткізу саясаты

Журнал шығарылымдарының мазмұнына еркін қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне еркін қол жеткізу отандық тәжірибені танымал етуге ықпал етеді, халықаралық қоғамдастықтың назарын аударады, құқық саласындағы зерттеулердің нәтижелерімен жаһандық алмасу жағдайында заң ғылымы мен заң білімін дамытады.

 

Мүдделер қақтығыстарын, әдепсіз мінез-құлықты анықтау жөніндегі шаралар

Әдепсіз мінез-құлық – авторлардың, редакторлардың немесе баспагерлердің өз мақалаларына өз бетінше рецензия берумен байланысты іс-әрекеттері, келісімшарттық және жалған лицензиялау, ғылыми зерттеу нәтижелерін жариялау жөніндегі агенттік қызметтерге жүгіну, авторлар құрамын бұрмалау, жалған ғылыми мәтіндерді жариялау, мақалалар мәтіндерін авторлармен келіспей басқа журналдарға беру, авторлардың материалдарын үшінші тұлғаларға беру, авторлық құқықтарды және редакциялық процестердің құпиялылық қағидаттарын бұзу, дәйексөз келтірумен, плагиатпен, бұрмалаумен және фабрикациямен айла-шарғы жасау.

Журналдың редакциялық алқасының мүшелері тағайындалған рецензенттерден басқа, үшінші тұлғаларға жарияланғанға дейін қарауға қабылданған қолжазба туралы ақпаратты ашпайды. Редакциялық алқа авторларға және басқа адамдарға рецензенттер туралы мәліметтерді де ашпайды.

Журнал редакторлары қолжазбаларды тек ғылыми маңыздылығы, ақпараттың дұрыс баяндалуы, қорытындылардың объективтілігі негізінде ғана бағалайды, тек ғылыми пікірталасты ынталандырады, сондай-ақ автордың жеке деректерін қорғауды қамтамасыз етеді. Редакциялық алқа мүшелері өз жұмысында құпиялылықты сақтайды және жарияланбаған авторлық ақпаратты өз зерттеулерінде пайдаланбауға міндеттенеді. Редакциялық алқаның мүшелері Журналда жариялау үшін ұсынылған мақалаларды рецензиялауға қатысу үшін белгіленген тәртіппен әртүрлі салалардағы сарапшыларды тартуға құқылы.

Мақалаларды кері қайтарып алуды немесе түзетуді, түзетулерді, кешірім сұрауды, автормен теріске шығаруды журнал редакциясы журнал сайты арқылы ғана жүргізеді.